Жолаушының мазасын алған таксистер мен сатушылар жауапқа тартылды

325
0
Бөлісу:

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы аумағындағы әуежай және темір жол вокзалдарында жолаушаларды мазалап, тиіскені үшін 800-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Ағымдағы жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаменті және оның желілік бөлімшелерінде әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 16 214 тұлға әкімшілік іс қозғалып, оның ішінде қоғамдық орында мазасын алып, тиіскені үшін 833 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов.
Алматы-1 станциясындағы желілік полиция бөліміне 24 жастағы Шымкен қаласының тұрғыны шағымданып келді.
Азаматшаның айтуы бойынша жоғарыда аталған темір жол вокзалының бірінші қабатында орналасқан күту залында бейтаныс ер азамат жолаушылар поезына жүру билетін сатып алу үшін өз қызметін ұсынып, жолаушылардың мазасын алған.
Көлік полицейлері тексеріс барысында 49 жастағы Алматы облысының  азаматын анықтап, оның үстінен ҚР ӘҚБтК 449 бабының 2 тармағы, яғни, қоғамдық орындарда тиісу бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
«ҚР заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттері үшін заң бойынша 5 АЕК (9910 теңге) көлемінде айыппұл салынады, егер бұл әрекет бір жылдың ішінде қайталанатын болса 10 АЕК (19820 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе әкімшілік соттың шешімімен бес тәулікке қамауға алынады. Мұндай құқық бұзушылықты шетел азаматтары жасайтын болса, бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады», – деді полиция подколковнигі.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: