Тепловоз жүргізушілері мата ұрлап құрықталды

785
0
Бөлісу:

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шарасы кезінде үлкен көлемде ұрлық жасаған Алматы облысының екі тұрғыны анықталды.

Құқықбұзушылар теміржол ұйымдарының жұмысшылары, яғни, 46 жастағы тепловоз жүргізушісі мен оның көмекшісі болып шықты.

Көлік полицейлері ұсталғандардың Бескөл станциясында жүк вагонынан 93 орам арнайы киімге арналған түкті матаны ұрлағандықтарын анықтады.

Келтірілген шығынның көлемі 1 939 876 тенгені құрайды.

Жүргізілген тергеу әрекеті барысында олардың кінәсі толық дәлелденді.

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында ұсталғандардың өздері басқарған тепловоздан дизель жанармайын ұрлауға қатыстылығы бар жөнінде үш фактіні анықтады.

Алматы облысы, Алакөл аудандық сотының үкімімен жоғарыда аталған азаматтар қылмыс жасағандары үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: