Нұрлан Нығматулин: Көппәтерлі үйді басқару – хобби емес

279
0
Бөлісу:

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл салада шешілмеген мәселе көп екенін айтты. Оның ішінде, пәтер иелері кооперативінің әлі күнге шешілмеген мәселелеріне тоқталды. ПИК-ті басқаратын лайықты кадрдың жоқтығын да айтып өтті. Оның айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жаңа жүйе енгізіледі.

– Біріншіден, кадр мәселесіне байланысты. Қазір бұл салада не болып жатыр? Кешіріңіздер, бірақ басқарма үйі немесе ПИК төрағалары туралы айтқан кезде көз алдымызға егде жастағы адам елестейді. Ол, әдетте, тәжірибелі полицей болады. Ал егер әйел болса, оның даусы жиналыста бәрінен қатты шығады. Шынтағы да мықты болады. Алайда екеуінің де бұл саладан хабары жоқ, кәсіби маман емес. Бұл – қазіргі ПИК төрағасының портреті. Маған ренжімесін.

Осы заң жобасына енгізілген өзгерістерден кейін бұл қызметке тиісті білімі бар адам ғана орналасатын болады. Мысалы, экономист, заңгер, инженер, әлеуметтік қызметкер пәтер иелері кооперативінің төрағасы болуы мүмкін. Әлемде осындай тәжірибе мен талап қолданылады. Көп пәтерлі үйді басқару – хобби емес, маңызды менеджерлік жұмыс. Үйлерді басқаратын адамдарға қандай талап қойылатынын анықтап алу керек, – деді Нұрлан Нығматулин.

«Айқын» ақпарат

Фото: kn.kz сайтынан алынды

Бөлісу: