САПАЛЫ МАМАН – БОЛАШАҚ ТІРЕГІ

157
0
Бөлісу:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Scopus халықаралық деректер базасына кіретін, рейтинг басылымдарында жарияланған мақалалар саны бойынша Қазақстанның көшбасшысы, елдің жоғары білімінің флагманы. Ұлыбританияның QS халықаралық рейтинг агенттігінің зерттеу нәтижесі бойынша, ҚазҰУ 2016 жылы әлемнің ең үздік 250 университеті және дүниежүзінің техноло­гиясы дамыған 50 үздік университеті қатарына кірді.

Халықаралық GreatValueColleges ұйымы рейтингінде қазақстандық ЖОО тек ТМД елдері ғана емес, Шығыс және Орталық Еуропаның жалғыз өкілі, сонымен қатар Сингапур және Жапониямен бірге бүкіл Азия құрлығының өкілі болып табылады. Университеттердің жетекші рөлі еліміздің ұлттық байлығының көрсеткіші екені даусыз. Заманауи жоғары мек­тепке жаңашыл-оқытушы, психолог, зерттеуші қажет. Жаһандану мен инновациялық ғылыми-техникалық прогрес­тің қарқынды дамуына байла­нысты жаңа формация педаго­гын даярлау жұмысы іргелі ғылым психологиялық-педа­гогикалық пәндер блогымен және үш тілдік бағдарлама не­гізінде бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау бойынша ин­но­вациялық ғылыми зерттеу­лермен біріктірілген универ­ситеттерде жүзеге асырылуы тиіс.
Ескеретін жайт, про­фессор-оқытушылар құрамын дайын­дау жұмысы – өте қымбат өнім. ЖОО оқыту­шы­сын дайындауға кем дегенде 10-15 жыл талап етілсе, ал про­фессорларға өмір бойы уақыт жұмсалады. Оқыту­шы заман талабына сәйкес за­манауи әдіснамалар­ды ескере отырып және халық­аралық стандарттарға сай өзінің білім берудегі деңгейін үнемі арт­тырып отыруы тиіс. Маман­дықтың мемлекеттік білім беру стандарттарының талап­тарына тез бейімделуі, жаңа кәсіби біліктіліктерді қалып­тастыра білуі қажет.
ҚазҰУ-дың Химия және химиялық технология факуль­теті көптеген жылдар бойы педагогикалық кадрлардың сабақтастығының үзілу қаупін жеңе алды. Жыл сайын факуль­тет кафедралары ғылыми-зерт­теу орталықтарымен бір­лесе отырып, оқытушылар корпусын толықтыратын PhD докторларды сәтті даярлауда. PhD дәрежесі бар жас оқыту­шылар жоғары ғылыми-зерт­теу деңгейіне ие. Бұл деңгей жетекші жоғары рейтингі бар журналдарда өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялауға мүм­кіндік береді.
Жас педагогтар тәжірбиелі доценттер мен профессор­лардың дәрістеріне қатыса отырып, өз біліктіліктерін арт­тырады, олар өз кезегінде жас оқытушылардың тәлімгер­леріне айналады. «Тәлімгерлік мектебі» – кеңестік жоғары мектептің дәстүрі және біздің кафедрада өз жалғасын тауып, қазіргі уақыт талабына сай дамып келе жатыр. Педагог-тәлімгер жас оқытушыға оқу-әдістемелік құжаттарды әзір­леуге көмектеседі. Сонымен қатар тәжірбиелі педагогтар жас оқытушыларды студент­терде практикалық-бағдарлы құзыреттілікті табыс қалып­тастыру үшін оқытудың қандай да бір әдістерін қолдану тәсіл­дерін, ой-талқы, тесттік бақы­лау сияқты практикалық са­бақ­тарда студенттердің үл­герімін бақылаудың күнделікті тәсілдерін қолдануды, сондай-ақ дайындық деңгейі мен үлгеріміне байланысты әрбір студентке жеке тіл табу тәсіл­дерін үйретеді. Сонымен қатар факультетте жас оқытушы­лар­дың оқу материалдарының әзірлемелері талқыланып, әдістемелік ұсыныстар беріліп, ғылыми-әдістемелік семи­нарлар өткізіледі.
Біздің жұмыстың тәжіри­бесіне сүйене отырып, жұмыс­тың мұндай тәсілі қазіргі жа­һан­дану жағдайында ауқымды ойлайтын және еліміздің білім беру саласына қызмет ету жо­лына бағытталған жоғары кәсіби педагогтарды даярлау­ды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

А.МҰСАБЕКОВА,
химия ғылымдарының кандидаты, доцент,
А.АРҒЫМБАЕВА,
химия ғылымдарының кандидаты, доцент,
Г.РАХЫМБАЙ,
PhD, аға оқытушы

Бөлісу: