Дариға Назарбаева: Президент сайлауын әділ өткізу міндетіміз

170
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Дариға Назарбаев Президент сайлауы туралы пікірін айтты. Біздің міндетіміз – Президент сайлауын әділ, заңды және ашық өткізуді қамтамасыз ету.

– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл шешімнің өз уақытында және орынды қабылданып отырғанына мен сенімдімін. Президент  Жарлығы қоғамда туындаған көптеген сұрақтарға жауап береді. Қазақстандықтар үшін ең қымбат құндылық бейбітшілік пен тыныштық, экономикалық тұрақтылық аса қажет. Сондықтан Қазақстан қоғамы Елбасының стратегиялық бағытының сабақтастығының заңды түрде қамтамасыз етілуін күтуде.

Сайлау науқанын Қазақстан заңдарына сәйкес, өткізуге көмектесу – біздің абыройлы міндетіміз. Бұл орайда Парламент Сенаты депутаттарының орны ерекше. Сіздердің жергілікті халықпен және мәслихат депутаттарымен тығыз байланыстарыңыз бар, халықтың мүддесін қорғайсыздар, проблемаларын білесіздер. Сондықтан сайлау науқаны әрқайсымыз үшін аса жауапты жұмыстар кезеңі болып саналады. Құрметті депутаттар, азаматтардың өз еркін ашық білдіруі Тәуелсіз Қазақстанның үлкен жеңістерінің бірі. Біздің ортақ міндетіміз – Президент сайлауын әділ, заңды және ашық өткізуді қамтамасыз ету, – деді Дариға Назарбаева.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: