Дәурен Абаев: Қой терісін жамылған «қасқырларды» анықтау қажет

424
0
Бөлісу:

Бас қалада өтіп жатқан «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманғы сын-қатерлер» тақырыбындағы IV халықаралық діни-ғылыми конференциясы өтіп жатыр.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

–  Қолда бар алтынның қадірін білу де өте маңызды. Өйткені, бүкіл дүниежүзі этникалық, діни, мәдени, әлеуметтік тұрғыдағы бөліністердің дағдарысын бастан кешіріп отыр. Кейде осы алауыздық ашық айқастарға да ұласып кетіп жататындығы өкінішті. Дінді алға тартып, терроризм мен экстремизмді насихаттап жүрген кейбір «қой терісін жамылған» жекелеген адамдардың мәселесі өткір болып отыр, – деді Дәурен Абаев.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: