Facebook қайтыс болғандардың парақшасына арнайы белгі қояды

153
0
Бөлісу:

Facebook қайтыс болған адамдардың аккаунттарынан келетін хабарламалар мен ескертулердің тарап кетуін болдырмау мақсатында жасанды интеллект жүйесін қолданатынын хабарлады.

ВВС-дің мәліментінше, осылайша, компания о дүниеге аттанғандарды туған күнімен құттықтау немесе белгілі бір шараға шақыру туралы хабарламалар легін тоқтатып, жақындарының жүрегін ауыртпайтын болады.

Facebook компаниясының операциялық директоры Шерил Сэндберг бұл жаңаклық өмірден өткен адамдарға құрмет екенін атап өтті.

– Facebook-те енді қайтыс болған адамдардың профилінде арнайы белгі болады. Осылайша Facebook жақындарының рухын сыйлайтын орын болып қала береді, – деді Шерил Сэндберг.

«Айқын» ақпарат  

Фото: Интернеттен алынды

Бөлісу: