Димаштың концерті Нью-Йоркте өтеді

564
0
Бөлісу:

Нью-Йоркте Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті өтеді.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергеннің концертіне дайындық басталып кеткенін айтты.

– Димаш Құдайберген әлемді өнерімен тамсандырып, тыңдармандардың жүрегін жаулап алды. 2018 жылдың 19 қарашасында министрлік Лондонның «Indigo at the O2» ең үлкен сахнасында Димаштың жеке концертін ұйымдастырды. Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігі 2019 жылдың III тоқсанында Нью-Йоркте әлемге әйгілі Madison Square Garden алаңында Димаш Құдайбергеннің айрықша шоу-концертін өткізбек. Бүгінгі таңда аталған шоуды ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті, – дейді министр.

Еске сала кетейік, концерт жайында «ҚазАқпарат» тілшісінің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен сұхбатында айтты.

«Айқын» ақпарат

Фото: Интернеттен алынды

Бөлісу: