Болат Жәмішов Қазақстан Даму банкінен қызметтен кетті

220
0
Бөлісу:

Болат Жәмішев Қазақстан Даму банкі басқарма төрағасы қызметінен кетті.

– Бұл Қазақстанның Даму банкі басқармасының төрағасы ретіндегі соңғы баспасөз мәслихаты. Осы банктің басқарма төрағасы ретінде бес жыл бойы қызмет еттім. Мен осы айда өз еркіммен банктен кетуді ұйғардым. Сонымен қатар мен Цеснабанк тәуелсіз директорымын. Әзірге бұл менің негізгі жұмыс алаңым болады, – деді Болат Жәмішев.

Ол биыл ақпан айында Болат Жәмішев Цеснабанк директорлар кеңесінің құрамына кірген болатын. Болат Жәмішев Қаржы министрі (2007-2013 жылдар), Өңірлік даму министрі (2013-2014 жылдар) болды. 2004-2006 жылдары Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

«Айқын» ақпарат

Фото: Интернеттен алынды

Бөлісу: