Еркебұлан Сейдахмет біраз уақыт «Левскиде» ойнамайды

212
0
Бөлісу:

Футболдан Қазақстан құрамасы мен болгариялық «Левскидің» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет жарақатын емдету үшін Италияға аттанған.

Бұл туралы отандық KazFootball.kz сайты хабарлап отыр. 19 жастағы футболшы жарақатын емдету үшін немесе қосымша медициналық тексерістен өту үшін Римдегі «Вилла Стюарт» клиникасына барған.

Еске салсақ футболшы 31 наурыз күні «Ботев» командасына қарсы ойында аяқ бұлшық етін жарақаттап алған. Сөйтіп, келесі турдағы «Черно море» командасына қарсы кездесуге қатыса алмады.

Егер футболшы аталған клиникада ем қабылдайтын болса онда Болгария чемпионатындағы біраз ойынға қатыса алмауы мүмкін.

Ресейлік «Уфадан» ауысып келгелі бері Еркебұлан «Левски» сапында екі рет алаңға шығып, нәтижелі гол және паспен көзге түскен жоқ.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: