Саржалдың жарқын жастары

147
0
Бөлісу:

Ұлттық музейінде Тұңғыш Президент-Елбасы қоры мен Қазақстандағы Франция елшілігінің бірлесіп ұйымдастырған француз фотосуретшісі Эрик Ваззолердің «Саржалдың жарқын жастары» атты көрмесі өтті. 

Фотосуреттер аймақтың жандануын, жаңа өмір тынысын білдіреді. Әдеттегі деректі фотосуреттер шеңберінен жоғары көтерген. Көрмеде Эрик Ваззолер 2019 жылғы ақпан-наурыз аралығында жасаған 35 фототуынды біріктірілген.

Басты кейіпкерлер – бұрынғы Семей полигоны болған Шығыс Қазақстан облысындағы Саржал ауылында тұратын балалар мен жасөспірімдер. Ол жерде 40 жыл бойы жаппай қырып-жою қарулары сынақтан өткізген. Полигонда барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ жүргізіліп, жарылыстардың қуаты Хирасимаға лақтырылған атом бомбасыннан 2500 есе артып кеткен. Қазақстан үшін зор қасірет әкелген полигон  Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 1991 жылғы күзде жабылды. Бұл шешім ядросыз әлем үшін күрестің басты символы және ядроға қарсы саясат жүргізетін елдер үшін нағыз үлгі болды.

Эрик Ваззолер өзінің кәсіби мансабын 1968 жылы Liberation журналының редакциясында және Vu жастар агенттігінде бастады. Фотосуретші шығармашылығы мен көптеген шеберлік сыныптарын Франция, Германия, Польша және бұрынғы КСРО-ның елдеріне арнайды.

Бұл Тұңғыш Президент қоры мен француз фотосуретшісі Эрик Ваззолердің бірлесіп ұйымдастырған алғашқы жобасы емес.  Бұған дейін психикалық-неврологиялық патологиялары, Даун синдромы бар, сол сияқты көру қабілеті төмен балаларды фотоға түсіруді үйрететін шеберлік сыныптарын өткізген болатын.

Елорда тұрғындары мен қала қонақтары француз фотосуретшісінің көрмесін 10-20 сәуір аралығында Ұлттық музейден тамашалай алады.

 

Н.Ержанқызы,

Сурет: Советбек Мағзұмов

Бөлісу: