Медицина ұйымдарына 31 млрд теңге төленді

142
0
Бөлісу:

 

Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс негізінде халыққа тегін қызмет көрсеткен алматылық медицина ұйымдарына 31,4 млрд теңге төленді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Филиал басшысының айтуынша, бүгінгі таңда оңтүстік астана бойынша 184 медицина ұйымы мемлекеттік тапсырыс алған. Бюджет қаржысы есебінен халыққа тегін көмек көрсеткен емдеу мекемелерінің жүзден астамы – жекеменшік. Кепілдендірілген тегін медициналық көмекті клиникалар 2019 жылы халыққа 105 млрд теңгеден астам қаржының қызметін көрсетеді.

«Жекеменшік сала Қормен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенін дәлелдеді. Біз қашанда бәсекелестікті күшейтуге, сапаны арттыруға күш салатын боламыз. Бәсеке медициналық көмектің қолжетімділігін арттырары сөзсіз» деді Тілеухан Әбілдаев.

Еске салсақ, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің қаржылық операторы міндетін атқарады. Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап медициналық ұйымдардан МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алумен айналыспақ.

Н.Ержанқызы

Сурет интернеттен алынды

Бөлісу: