МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ – МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА

148
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына сапарында, бірқатар маңызды нысандарды аралап, аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Ақтаудағы Теңіз академиясына барды. Бесінші Каспий саммитінде қол жет­кізген уағдаластықтардың қорытын­дысы бойынша 2018 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мем­лекеттік техно­ло­гиялар және инжи­ни­ринг универ­ситетінің жанынан ашыл­­ған Теңіз академиясының жұ­мы­­сымен танысты.
Мемлекет басшысы кеме жүргізу­шілердің, кеме механиктерінің, штур­мандардың көпфункциялық трена­жерлік сыныптары, сондай-ақ алғаш­қы медициналық көмек көрсетуге, өртке қарсы және құтқару жұмыстарын ұйым­дас­тыруға арналған дәрісха­налары бар академияның көпбейінді материалдық-техникалық базасын аралап көрді.
Студенттермен бейресми әңгіме­ле­су барысында Қасым-Жомарт Тоқаев за­манауи стандартқа сай сапалы әрі ар­найы білім алудың маңызын атап өтіп, олардың оқуда табысты болуына тілек­тестік білдірді.
Университет студенттері өскелең ұр­пақ мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, Жастар жылы аясында мемлекет тара­пынан қолдау көрсетіліп жатқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сонымен қатар Мемлекет бас­шысына уни­верситеттің жұмыстары, соның ішінде 1 200 еріктіні біріктіріп отырған «Қоғамға қызмет» бағдар­ламасы жөнінде ақпарат ұсынылды.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласындағы №2 емхана жұмы­сымен танысып, емдеу және күндізгі стационар кабинеттерін және ем­ха­наның жедел медициналық жәр­дем стансасын аралап көрді.
Емделушілерді арнайы көпсалалы дайындықтан өткен тәжірибелі дә­рі­герлер қабылдайды. Бұл барлық санат­тағы тұрғындарға сапалы ал­ғашқы меди­циналық-санитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қазақстан Пре­зиденті Ақтау қаласындағы кәсіп­кер­лерге қызмет көрсету орталығына барып, кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен танысты. Орталық мемле­кет­тік сатып алу, бухгалтерлік, салық және ста­тис­тикалық есептер, кедендік рәсімдер, ақпараттық технологиялар бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету және кәсіпкерлерге құқықтық көмек беру мәселелері жөнінде тегін кеңес беріледі.
Сапар барысында Мемлекет басшы­сына Ақтау теңіз портының қазіргі жұ­мыстары, Каспий теңізі арқылы өтетін жүк тасымалын арттырудың перспекти­валары, сондай-ақ Ақтау қаласындағы шипажай аймағының инфрақұрылымын дамыту жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістік міндеттерді толыққанды орындауға, соның ішінде жүк тасымалы операцияларын жүргізуге, кемелерді айлаққа қоюға және қызмет көрсетуге септігін тигізетін порттың техни­калық мүмкіндіктерімен танысты.
Сонымен қатар Қазақстан Прези­ден­тіне «Маңғыстау» зымыранды-артил­лериялық кемесі көрсетілді. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз күштерінің арнайы техникасымен, қару-жарақтарымен және киім үлгілерімен танысты.

Бөлісу: