БІЛІМ САЛАСЫНДА БӘТУА БАР

143
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий мен Халықаралық ынтымақтастық және ашық дипломатия жөніндегі Ресей қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Орджоникидзені қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет бас­шысы Қазақстан мен Ресей қарым-қаты­настары тату көршілік және одақтастық негізде жемісті дамып келе жатқанын атап өтті.
– Сіздермен Нұр-Сұлтан қаласында жүздескеніме қуаныштымын. Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы елордада 2000 жылдары ашылды. Бүгінде қазақстандық студенттерге сапалы білім беріп отырған бұл оқу орны табысты жұмыс істеп жатыр. Жақында Мәскеуде өткен келіссөздер аясында Владимир Путинмен білім саласындағы екіжақты ынтымақ­тас­тық деңгейінің жоғары екенін атап өттік, сондай-ақ оны жоспарлы түрде дамытуға уағдаластық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мәскеу мемлекеттік университе­тінің ректоры кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Қазақстан Прези­дентіне алғыс білдірді. В.Садовничий екі елдің жоғары оқу орындары ара­сындағы көпжылдық байланыстардың жемісті болғанын атап өтті.
– Менің Қазақстанға деген ықы­ласым ерекше. М.Ломоносов атын­дағы Мәс­кеу мемлекеттік универ­си­тетінің филиалы Қазақстанды жаң­ғыртудың жаңа кезеңінде сұранысқа ие, білікті кадрларды даярлауға зор үлес қосқанын мақтан етемін, – деді Виктор Садовничий.
Сонымен қатар тараптар екі мем­лекет ара­сындағы мәдени-гумани­тарлық ынты­мақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Бөлісу: