Партиялық жобалар талқыланды

272
0
Бөлісу:

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты партияның кезектен тыс съезіне делегаттарды сайлау үшін барлық жерде бастауыш партия ұйымдарының жиналысы өтуде. Елорда төрінде де бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бас қосты. Жиынға Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Жиында партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пар­тия­ның кезекті XVIII съезінде бер­ген тапсырмалары – «Ха­лыққа көмек», «Бақытты отба­сы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты ме­кен» партиялық жобала­ры­ның негізгі ережелері талқы­ланды.
Басқосу барысында сөз ал­ған Сот төрелігі академиясының ректоры міндетін атқарушы На­зиля Раззак пен Nur Otan партиясының Сарыарқа аудан­дық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бағлан Әлімғазина жобалардың әр­қайсысына жеке-жеке тоқ­та­лып, олардың мақсаттары мен міндеттерін атап өтті.
Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының Әлеу­меттік-гуманитарлық пән­дер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Төлеуғали Бөрібаев өз кезегінде саяси науқанның маңызына ерекше тоқталды.
– Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірді Қа­зақстанда Президенттің ке­зек­тен тыс сайлау күні деп жа­риялады. Бұл шешім Елбасы Н.Назарбаевтың және басқа да саяси тұлғалардың келісімімен жарияланды. Президент сай­лау­дың ашық, жариялық және заңдық негізде өтетініне ке­піл­дік берді. Бұл шешімнің ел үшін қажеттілігі мен маңызы зор. Президент халық мандатына ие болған жағдай да ғана халық мүддесі мен елдің тәуелсіздігін қорғау жеңіл болады. Сайлау нәтижесінде лайықты азамат ел тізгінін өз қолына алады деген үміттеміз. Ендігі мақсат – бә­рі­міздің бір адамдай сайлауға қатысып, Конституциялық құқымызды жүзеге асыру, – деді Т.Қайыржанұлы.
Талқылаудан соң Nur Otan партиясы Астана қалалақ фи­лиалының кезектен тыс XXХ конференциясына делегаттар сайланды.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу: