Ұйымдар жұмысы қадағаланады

235
0
Бөлісу:

 Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезіне орай Ақтау қаласындағы «Мұнайтелеком» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиынға «Мұнайтелеком» бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты. 

Басқосуда күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың партияның кезекті XVIII съезінде берген тапсырмалары – «Халыққа ­кө­мек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты ме­кен» партиялық жобаларын іске асыру барысы сөз болды. Сон­дай-ақ отбасы құндылықтарын сақтау, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, көмекке мұқтаж, әсіресе, жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қал­ған­дарға, тұрмысы төмен отба­сы­ларға қолдау көрсету төңірегінде көтерілген мәселелер талқы­ланды.
Отырысты кіріспе сөзімен ашқан «Мұнайтелеком» бас­тауыш партия ұйымының төра­ғасы Қанат Артықбай бастауыш партия ұйымдарының жұмы­сын, Бес әлеуметтік бастаманың және жаңа партиялық жоба­лар­дың жүзеге асырылу барысына тоқталды.
– «Мұнайтелеком» баста­уыш партия ұйымының «Ба­қытты отбасы» жобасы аясында бірқатар қайырымдылық ша­расын өткізді. Көпбалалы ана Гүлбаршын Әділованың жанұя­сына қаржылай және балаларға қажетті заттармен көмек көр­сетілді. Алдағы 1 маусым – Ба­лалар құқығын қорғау күнінде және жаңа оқу жылында кө­мекке мұқтаж отбасыларға мек­тепке қажетті құрал-жабдық­тарды алып береміз. Жаңа жыл­да ата-анасының қамқор­лы­ғынсыз қалған балаларға сый­лық тарату жоспарда тұр. Мұнан бөлек халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен келген көпбалалы ана Ақмар­жан Бисембаеваны алты ай мерзімге жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз, – деді Қанат Рахметұлы.
Талқылау барысында партия мүшелері бірауыздан Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімін қолдайтынын жеткізді.
– 2019 жылдың 9 маусы­мында Президенттің кезектен тыс сайлауы өтуін дұрыс әрі қа­жетті қадам деп ойлаймыз. Сайлау әділ, ашық өтуі үшін бар­шамыз бір кісідей атсалы­суымыз керек, – дейді «Мұ­най­телеком» ЖШС бас директоры Ербол Мұқашев.
Жиын соңында Nur Otan партиясы Ақтау қалалық фи­лиалының кезектен тыс XXХ конференциясына төрт делегат сайланды.

Әбілмансұр ЖАСАН

Бөлісу: