Конференция делегаттарын сайлады

209
0
Бөлісу:

Nur Otan партиясы Қызылорда қалалық филиалының  кезектен тыс өтетін конференциясына филиалға қарасты «Ақсуат» бастауыш партия ұйымынан 14 делегат сайланды. 

Nur Otan партиясының ке­зектен тыс ХІХ съезіне орай ұйым­дастырыл­ған бастауыш партия ұйымдары жиналысының күн тәр­тібіне екі мә­селе ұсынылып, қа­ралды. Онда бас­тауыш партия ұйым мү­шелері алды­мен партияның ке­зекті ХVIII съе­зінде партия Төрағасының тікелей тапсыр­ма­сымен қабылданған «Ха­лық­­қа көмек», «Құтты мекен», «Ба­қыт­ты отбасы», «Ауыл – ел бесігі» атты жобаларды нәтижелі жүзеге асы­ру мәселелерін жан-жақты талқылады.
«Ақсуат» бастауыш партия ұйымы 13 партиялық топтан құ­рал­ған. 215 пар­тия мүшесі бар. Жи­­ында «Ақсуат» бастауыш партия ұйымының төра­ға­сы, ауыл әкімі Мәмбетәлі Ақмыр­заев сөз алып, ауқымы кең жобалардың ауылдық округте жүзеге асыры­луын баяндады.
Оның айтуынша инфра­құры­лымды дамыту, соның ішінде ауылдың жаңадан қоныстанушы аудандарын ауызсумен қамту мақ­сатында республикалық бюд­жет­тен ауызсу же­лілеріне 245 млн тең­ге бөлінген. Бүгінгі таңда, «Ме­лиоратор» жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігі құры­лыс жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таң­да ауылдық округте орна­лас­қан 79 көшенің 9-ы түнгі жарық­пен қамтама­сыз етілген, тағы да 7 көшені жа­рық­­тан­дыру мақ­са­тында жоба смета­лық құжаттары әзірленген. Ауыл­дық округ­ті та­биғи газбен қам­та­масыз ету ба­ғытындағы жұмыстар да біртіндеп қолға алынуда.
– Биылғы жылдың өзінде жаңа фор­маттағы шартсыз атаулы әлеу­меттік көмекті 21, шартты атаулы әлеуметтік көмекті 29 отбасы алса,
35 отбасы тұрғын үй жәрдема­қысына ие болды. «Дип­ломмен – ауылға» бағ­дар­ламасы аясында елдімекенге жұмыс істеуге және тұруға келген 8 аза­матқа көтерме жәрдемақы берілді, 17-сі тұрғын үй сатып алды. Мүмкіндігі шек­­теулі жандар да үнемі назарымызда. Мәселен, ауылдық округімізде 86 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Олардың 37-сі жасөспірімдер. Қазіргі таңда, ауылдық әкімдіктің әлеу­меттік қызметкерлері әлеу­мет­тік көмек көрсетуді қажет ете­тін 6 бала­ға үйден тұрақты қызмет көрсетіп отыр, – дейді Мәм­бетәлі Ақмырзаев.
Аталған жобалардың нәтижесі зор екенін жан-жақты талқылаған бастауыш партия ұйымының өкілдері, күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес конференция делегаттарын сайлады.

Миуа БАЙНАЗАРОВА,
Қызылорда облысы

Бөлісу: