ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ШЕШІМ

213
0
Бөлісу:

– Мемлекет басшысы өзінің заңды құқығын пайдаланып, Пре­­зиденттің кезектен тыс сай­ла­уын өткізу туралы шешім қа­­был­­дады. Бұл шешімнің әлеу­мет­тік-саяси және эко­но­микалық маңызы бар. «Келесі президент кім болады?» де­ген сұрақ ха­лықаралық деңгейде де, қоғам арасында да көпшілікті ойлан­дырып отыр. Алдағы өтетін ке­зектен тыс сайлау осы жағдайды анықтайды.
Еліміздің саяси бағдарының сабақтастығын қамтамасыз ету – маңызды мәселе. Әлеуметтік зерттеудің қорытынды­ла­­рына сәйкес, қазақстандықтардың ба­сым бөлігі алдағы уақыт­тағы өзгерістер оң нәтиже беретініне сенім білдіреді жә­не еліміздің даму жолының тұрақтылығын қолдайды.
Елбасы саясатының мәнін түсіндіруде Nur Otan партия­сы­­ның орны ерекше. Нұрсұлтан На­зарбаев Nur Otan пар­тиясының Орталық аппаратында өткізген кез­десуінде пар­тияға зор жа­уап­кершілік жүктеліп отырғанын айтты.

Салтанат ЕРМАХАНОВА,
Nur Otan партиясы
Стратегиялық бастамалар институтының әлеуметік зерттеулер бөлімінің меңгерушісі

Бөлісу: