Жетістігіміз бен жеңісіміз

210
0
Бөлісу:

– Елбасының өзі Төрағасы болып табылатын, қай кезде де елді ертеңгі биік межелер мен асқаралы асуларға бастайтын көшбасшы саяси ұйым – Nur Otan партиясының республи­камызда жүргізіліп жатқан саясат пен уақытпен үндесе қа­был­дану үстіндегі шешімдерді халқымыз толығымен мақұл­дап, қолдай­тынына және де іске асуына бел­сенді атса­лы­сатынына сенімдімін. Президент Қасым-Жомарт Ке­мелұлы­ның өзі айтып кеткенін­дей, мемлекеттік билік тізгінінің бейбіт түрде екінші қолға беріліп, мемлекет басшылығының ал­масуы тереңнен ойластырылған, жеті рет өлшеп, бір рет пішілген.
Бұл ретте, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еге­мен елімізді, тәуелсіз мемлекетімізді басқарған отыз жылға жуық уақыт ішінде ең бірінші кезекте ел бірлігін сақтауға басты бағыт ұсталғанына, Қазақстанда саяси тұрақтылық, эко­номикалық өсім мен оң ахуал қалыптасқанына бәріміз де куәміз, нәтижесін де көріп отырмыз. Осынау игілікті үрдіс­тің келешекте де жүйелі жалғасатынына күмән жоқ. Біздің ең жоғары жетістігіміз де, жеңі­сіміз де сол болса керек.

Нұрлыбек ОЖАЕВ,
Nur Otan партиясы
Атырау облыстық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары

Бөлісу: