Қазыналы қарт – елдің ұйытқысы

169
0
Бөлісу:

Қазақта «әдемі қартаю» деген тіркес бар. Бұл – адамның қарттыққа қадам басу жолында тектіліктің төрінен түспей, сыйын қашырмаған өнегелі өмірі. Туысқандықтың тура жолынан таймай, ағалықтың адал жолынан айнымай жүрген арда азамат Нұрғали Жаңғабылұлы 70 жасқа толып отыр. Иә, жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты оны саналы ғұмырының биік бір белесіне жеткізді.

Адам баласының бойында тек өзіне ғана тән ерекшелік бо­лады. Әсіресе, жан-жағына шуағын шашып, тек жақ­сы­лық жасап жүретін, кеңпейіл адамдар жайындағы әңгіме бө­лек.
Біздің пайымымызда адам бойындағы адалдық, ар-ұждан, жан тазалығы сынды асыл қасиеттердің жиын­ты­ғынан тұрады. «Адалдық» деген сөздің өзі шыншылдық, айнымастық сияқты игі қасиеттерді еске салады. Адам бағасының бір өлшемі іспетті осынау мінез көп кісінің бойынан табыла да бермейді. Кейіпкеріміз Нұрғали Жаңғабылұлы – осындай ізгі жан. Қайырымды. Досқа адал. Бай­салды. Өзінің бойындағы ерекшелігін, өмірлік тәжі­рибесімен біріктіріп, жан-жағына сөзімен де, ісімен де үлгі болып жүрген қазыналы қарт.
Ол өз өмірінің мәнін – өзгеге қуаныш сыйлау, өмір жо­лында саған серік болған адамды қуанту, оның көңіл күйін шаттық сезімге толтыру, адамдарға риясыз қызмет ету ар­қылы өзіңді де, оны да шаттыққа бөлеу деп ұғынған азамат. Осы жасына дейін де бұл ұстанымын талай рет дәлелдеді.
Жетпістің асуына еңселі еңбегімен, қажырлы қай­ратымен, ел-жұртқа сыйлы абырой-беделімен ат басын тіре­ді. Жұмаш, Күләш, Дәметкен, Күлпаш, Шынар бастаған жиендері ағаларына арнап әдемі жыр-дестесін ұсынған екен.
Тәлімі терең, таусылмайтұғын ақыл-нәр,
Өзіңізбенен мақтануға да хақым бар.
Дүбірлі мынау тойыңа бүгін ортақ боп,
Қуанып жатыр ағайын-туыс, жақындар.

Ертістің елі шықпайды білем есіңнен,
Кіндігіңменен, тұсауың сонда кесілген.
Ақкөңіл аға, ақ, адал жанның бірісің,
Ақтоғай жұрты ақ бата беріп өсірген.

Алыста емес, жақында емес шамасы,
Ертіс пен ерке Екібастұздың арасы.
Жүйткіген жүйрік уақыттың мініп пырағын,
Жетпіске жетіп қалғаның шын ба, нағашы?!

Туған жер сенің ажырамас алтын бөлігің,
Сол жақта өтті бозбала дәурен өмірің.
Киелі қара шаңыраққа ие болып ең,
Аяулы әке-шешеңнің ойлап көңілін.

Өмірдің мынау көрсең де қызық, күресін,
Алатын әлі таусылған жоқ қой үлесің.
Ағайын-туыс алаңсыз асыр салсын деп,
Қаратау сынды қамқор боп әркез жүресің.

Бозбала болдың, болашақты ойлап ержеттің,
Өлеңді сүйдің, өлкеңді солай тербеттің.
Жетпіске келіп, жемісін жейтін күн туды,
Ел менен жұртқа елу жыл қылған еңбектің.

Нағашы дейтін намыстың берік қамалы,
Сондықтан әрбір айтылған сөзің бағалы.
Жүз жасқа келген тойыңды тағы тойлайық,
Жүзіңнен әркез шаттықтың есіп самалы.
Ол үнемі «Біз өзімізге жасырынып жатқан өлшеусіз қуа­ныш­тың кішкентай ғана сәулесі, яғни уақытша екенін, се­зіне бермейміз. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұ­рыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныш­тықтың хош иісті гүлі шешек атады. Яғни, шынайы жан тыныштығы жүректің нұрымен келеді» дегенді жиі айтады.
Бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда құндылықтар жүйе­сінің алатын орны ерекше. Нұрғали Жаңғабылұлы – саналы ғұмырын елге еңбек етумен байланыстырып, қазақы бол­мысымен, ұлт құндылығын құнттаған жан. Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қа­сиеттерді, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байла­ныс­тырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылық бар. Біздің кейіп­керіміз осыны өзінің өмірлік қағидасын етіп ұстанған тұлға.
Ағамызды бір көрген адамның өзі оның зиялығын, пара­сатын, ойының тереңдігін, өрісінің кеңдігін, рухының биіктігін байқайды. Бұл жалт еткен өткінші көрініс емес. Ол кісінің бойына біткен, қанына сіңген, өзі өмірлік қағида ретінде қалыптастырған қадірлі қасиеті. Адамдар арасын­дағы сыйластық, кеңпейілдік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге бай адамның беделі тіпті биіктей берері анық.
Иә, өз ортасына Қаратаудай қалқан, Алатаудай асқақ кө­рі­нетін жан қандай марапатқа да лайық.

Ләйла РУСЛАН

Бөлісу: