Мұстафа Шоқайды тану

221
0
Бөлісу:

Ұлттық академиялық кітапханада саяси қайраткер Мұстафа Шоқайға арналған «Ұлы тұлға – Мұстафа Шоқай» атты дәріс өтті. Іс-шараны профессор, мемлекет қайраткері Әбдіжәлел Бәкір жүргізді. 

Жиынның мақсаты – сту­дент­тер мен жастарға Мұстафа Шоқайдың өміріне, қоғамдық-саяси, шығармашылық қызметі жайында таныстырып қана қоймай, оның отарлық озбырлық пен өктемдікке қарсы азаттық қозғалыстың идеологиясын қалыптастыруға, стратегиясы мен тактикасын анықтауға өлшеусіз үлес қосқанын жеткізіп, қайраткерлігін көрсету.
– XIX ғасырдың басы – қазақ тарихының алтын кезеңі. Себебі, Мұстафа Шоқай жас күнінен түркітілдес халықтардың теңсіз­дігін көріп өскен. Сондықтан Түркістан автономиясын құруды ойлаған. Өйткені Петербордан кеткелі жатқанда сонда «Автоно­мия құру ойымызда бар» деген ойымен бөліскен. Оған қоса, қоғам қайраткері Думада үлкен жұмыстар атқарған. Сол кезде Ақпан революциясы болмағанда ол депутат болатын еді, – дейді Әбдіжәлел Бәкір.
Дәріс барысында Р.Сүлей­ме­нов атындағы Шығыстану инс­титуты «Мұстафа Шоқай» атты 12 томдық шығармалар жина­ғы­мен таныстырды. Профессордың айтуынша, осы жинақ – түпнұсқа. Мұстафа Шоқай жайында қандай сұрақ туындаса да сол жинаққа сүйену керегін айтты. Қиынды-
ғы – жазбаның көбі аударылмай, түп нұсқасында берілген. Мәсе­лен, 3 томдығы – түрік-шағатай тілінде, 500-ге жуық мақала – орыс тілінде, 105 мақала – французша, 8-і – ағылшынша, 9-ы поляк тілін­де жазылған. Жалпы, Мұстафа Шоқай қырғыз, өзбек, түркі тілдерін қоспағанда 9 тілде еркін жазған.

Н.ЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу: