Дзюдодан Қазақстан чемпионы атанған қыз көз жұмды

1454
0
Бөлісу:

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аэлита Щербакова 11 сәуір күні дүниеден өтті.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтында хабарланған. Оның неліктен көз жұмғаны айтылмапты.

Спортшы 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында туған. Қазақстан чемпионы атағын екі мәрте жеңіп алып, 2017 жылы Ташкентте өткен гран-при турнирінде қола жүлдегер атанған. Ал былтыр Ақтауда өткен Азия кубогында күміс медаль жеңіп алған.

«Айқын» газетінің редакциясы да спортшының жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: