Тоқаевтың тапсырмасы: Су өзі ағып кетпесе, Қосшының мәселесі шешілмейді

361
0
Бөлісу:

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Қосшыда ауызсу мәселесін шұғыл шешу мүмкін емес екенін айтты.

Оның айтуынша, ұңғымалар әлі судың астында тұр. Судың деңгейі шамамен – 1 метр. Сүңгуір мамандарды лай судың астына жіберу қауіпті. Су әбден лайланып кеткен. Ондайда оқыс жағдай орын алуы мүмкін екен.

– Әрбір ұңғымада су сору қондырғылары бар. Қазір бір нәрсе істесек, ұңғыманың іші одан бетер бітеліп қалады, ішіне балшық пен тас түседі. Әкімдік бізге xабарласып, сүңгуір құтқарушыларды жіберуді сұраған болатын. Біз ол жерді көріп келдік. Бірақ сүңгуірлерді жібермеуге шешім қабылдадық. Себебі адам шығыны болуы әбден мүмкін. Су әбден лайланып кеткен. Түк көрінбейді. Құдықтар мен сорғылар бар. Сүңгуір мамандар түссе, оқыс жағдай орын алуы ықтимал. Сондықтан сәл күте тұру керек. Су кетеді. Сонда бәрі шешіледі, – деді В.Беккер.

Оның сөзіне қарағанда, Нұра өзенінен ағып келетін судың көлемі біртіндеп азайып жатыр. Бірнеше күннің ішінде судың деңгейі де түседі. Әзірше, Қосшыда ауызсуды нақты бір уақытта беру туралы шешім қабылданған.

– Иә, проблема бар. Бірақ ол жерде тұрғындармен келісе отырып, мынандай шешімге келдік. Таңертең және кешке қарай адамдардың басым бөлігі өз үйлерінде болғанда ауызсуды беріп отырады. Әзірше, солай. Енді, 3-4 күнде судың деңгейі түседі. Сонда су сорғыларын көтеріп алуға мүмкіндік болады, – деді В.Беккер.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың іргесіндегі Қосшы аулының ауызсу мәселесін шұғыл шешуді тапсырған еді.

«Айқын» ақпарат

Фото: baq.kz

Бөлісу: