Тоқаев: Мұнайға сеніп отыра беруге болмайды

505
0
Бөлісу:

Ақтау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының халқымен кездесті.

Мемлекет басшысы экономика өсімін қамтамасыз етудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың, халықтың табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартудың маңыздылығын айтты.

– Тек мұнай саласына ғана сеніп, өмір сүруге болмайды. Қазіргі заманда бұл тиімсіз. Инвестиция – экономикалық өсім мен өңірдің әл-ауқатын арттырудың негізі. Еркін экономикалық аймағымыз, соның ішінде «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағы инвестиция тарту әлеуетіне ие. Сондай-ақ, туризмді дамыту ісі еліміздің перспективасы зор екенін көрсетеді. Бұл салада Маңғыстау облысының бірқатар нақты басымдықтары бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: