Қазақстандық дзюдошы қыздың өлімінің себебі белгілі болды

3089
0
Бөлісу:

11 сәуір күні көз жұмған қазақстандық дзюдошы қыз Аэлита Щербакованың өлімінің себебі анықталды. 

Бұл туралы ҚР дзюдо федерациясы хабарлайды. Диагноз спортшыға 3 сәуір күні қойылған, ал 11-і күні қайтыс болған. Оған дер уақытында ем-дом тағайындалғанымен, құтқарып қалу мүмкін болмаған. Жерлеу рәсімі 13 сәуір күні өтеді.

Спортшыға қойылған диагноз – апластикалық анемия – науқастың сүйек кемігін қанның барлық негізгі түрлерінің – қызыл қан клеткаларының, ақ қан клеткаларының және тромбоциттерінің жеткілікті мөлшерін өндіруді тоқтататын ауру. Осыған байланысты аурудың атауы: анемияны (қанның жеткіліксіз саны, гемоглобиннің төмен деңгейі) және қанның апаразиясын (барлық қан клеткаларының өндірісін тоқтату) біріктіреді.

Спортшы 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында туған. Қазақстан чемпионы атағын екі мәрте жеңіп алып, 2017 жылы Ташкентте өткен гран-при турнирінде қола жүлдегер атанған. Ал былтыр Ақтауда өткен Азия кубогында күміс медаль жеңіп алған.

Абай Қазбекұлы 

 

Бөлісу: