Маңғыстау – маңызы зор аймақ

146
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесті. Басқосуға облыстық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес секторлар мен бизнес қоғам­дастығының, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық зиялы қауым өкілдері және облыс жастары қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жасаған сапарының маңы­зын айтып, тарихтың аса жауапты сәттерінде маңғыс­таулықтардың ел басшылығына әрдайым қолдау көрсеткенін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың басшы­лы­ғы­мен еліміздің тәуелсіздік жыл­дарындағы қол жеткізген же­тіс­тіктеріне арнайы тоқталды. «Баршаңызға белгілі, Елбасы тарихи шешім қабылдап, бү­гінде Қазақстан өркендеудің жаңа сатысына қадам басты. Тұңғыш Президент айқындап берген стратегиялық мақсат-мін­деттерді жүзеге асыруды одан ары жалғастыра береміз. Осы жылдар ішінде егемен елі­міздің саяси басқару жүйе­сінде сабақтастық дәстүрді қалып­­тас­­­тырдық. Елімізді әрмен қа­рай дамыту – маңызды міндет», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Мемлекет басшысы эконо­мика өсімін қамтамасыз етудің, жаңа жұмыс орындарын ашу­дың, халықтың табысын арт­ты­рып, тұрмыс сапасын жақ­сарту­дың маңызын айтты. «Тек мұ­най саласына ғана сеніп, өмір сү­руге болмайды. Қазіргі за­ман­­да бұл тиімсіз. Инвес­ти­­ция – экономикалық өсім мен өңір­дің әл-ауқатын арттыру­дың не­гізі. Еркін экономи­ка­лық айма­ғымыз, соның ішінде «Ақ­тау теңіз порты» еркін эко­но­ми­калық аймағы инвестиция тар­ту әлеуетіне ие. Сондай-ақ ту­ризмді дамыту ісі еліміздің перс­п­ективасы зор екенін көр­сетеді. Бұл салада Маңғыстау облысының бірқатар нақты басымдықтары бар», – деді Президент.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, ми­нистрліктерге, әкімдіктерге, да­му институттарына ұлттық эко­номика өсімін қамтамасыз етуге, тұрғындардың тұрмыс са­па­сын арттыруға, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күресті кү­­шейтуге, кадрлар іріктеу жүйе­­­­сін жетілдіруге, сондай-ақ қо­­ғам­­мен тиімді қатынас ор­на­туға бағытталған бірқатар нақ­ты шаралар қабылдауды тап­сыр­ды. Соңында Қазақстан Пре­зи­дентінің кезектен тыс сай­­лауын өткізу жөніндегі ше­ші­мін қолдағаны үшін кезде­суге қатысушыларға алғыс біл­­­дірді. Жұмыс сапары бары­сын­да Мемлекет басшысы Шо­пан ата мен Бекет атаның жер­асты мешітіне барып, ба­балар рухына тағзым етті.

Бөлісу: