ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ЖИЫНЫ ӨТТІ

157
0
Бөлісу:

Президент жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаңартылған ұлттық комиссия құрамына Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин жетекшілік етеді.

Комиссия отырысында «Ру­хани жаңғыру» бағдарла­масы мен Елбасының «Ұлы да­ланың жеті қыры» атты ма­қаласының іске асырылу қо­ры­тындылары, сонымен қатар жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарлары қаралды.
Жиынды ашқан Мемле­кеттік хатшы Марат Тәжин екі жыл ішінде қоғамдық және тарихи сананы жаңғыртуды басты мақсат еткен ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.
Латын графикасы негі­зіндегі қазақ әліпбиі бекітілді. «Туған жер» жобасы аясында меценаттар қаражатына 27 мек­теп, 115 балабақша, 479 әлеу­меттік инфрақұрылым ны­саны салынды. Отандық та­рихта алғаш рет шет тілдер­ден экономика, әлеуметтану, сая­саттану, психология және өзге де ғылым салалары бойын­­ша әлемдегі 48 үздік оқу­лық қазақ тіліне аударылып, басып шы­ғарылды. Елдің гу­манитарлық білім қоры 2019 жылы тағы
30 кітаппен толық­пақ. Сондай-ақ БҰҰ-ның негізгі 6 (ағылшын, француз, испан, араб, қытай, орыс) ті­лінде Қазақстан жазу­шылары мен ақындарының проза және поэзия антоло­гиялары баспаға әзірленіп, осы жылы жарық көре­тін болады. «Киелі Қа­зақстан» жобасы табысты жүргізіліп жатыр: 28 тарихи нысанда реставрация жасалды, жаңадан «Бозоқ», «Ботай», «Сарайшық» қорық-музейлері ашылды. Елбасының «Ұлы да­ла­ның жеті қыры» мақаласын­дағы жобалар қызу іске асы­рылып келеді.
Жүргізіліп жатқан жұмыс­тың нақты нәтижелері мен жоспарлары туралы отырыста Президент Әкімшілігі Мем­лекеттік бақылау және ұйым­дастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Сауранбаев, Wikibilim қоғам­дық қоры қамқоршылар кеңе­сінің төрағасы Рауан Кен­жеханұлы, Президент Әкім­шілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, Мәдениет және спорт министрі Арыс­танбек Мұхамедиұлы, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сөз сөйледі.
Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасын ары қарай іске асыру жұмысын жандандыру қажетін айрықша атап ай­тып, бірқатар тапсырма берді, олардың орындалуы Прези­дент Әкімшілігінің тиісті бө­лім­дері мен Ұлттық комис­сияның ұдайы бақылауында болмақ.

Бөлісу: