Ұйымның негізгі бағыты

391
0
Бөлісу:

Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің өтуіне орай «Магистральдық желі бөлімшесі» БПҰ-ында жиналыс өтті.
Онда бастауыш ұйым төрағасы Ибраким Басықараев Елбасының съезде айқындап берген төрт әлеуметтік жобалары алдағы уақыттағы ұйым жұмысының негізгі бағыты болатынын тілге тиек етті.
– Бұл жобалар аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға көмек көрсету, ауылдық жерлерді көркейту, өңірлерді дамыту сияқты өзекті әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Сондықтан біздің ұйым осы жобаларды тиімді жүзеге асыруға жұмыс істеуі керек. Қазіргі таңда Елбасы бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» жобасы біздің ұйымда нәтижелі жүзеге асырылып жатыр. Ұйымдағы
69 көпбалалы отбасы, 15 аз қам­сыз­дандырылған отбасы, 9 мүгедек баласы бар отбасы, 19 жалғыз­басты ана, 8-мүгедектік топтағы қызметкерлердің әлеуметтік жағ­дайы толық есепке алынып, оларға әлеуметтік төлемдер уақытылы төленіп отыруы қатаң бақылауға алынған. Қолдау көрсету қаржы­лай да, азық-түлікпен де жүйелі түр­де жүргізіліп отырады, соны­мен қатар мүгедектікте отырған қыз­мет­­керлердің де үйлерінде бо­лып, шаруашылықтарына ­кө­мек көр­сету дағ­дымызға айнал­ған, – деді Ибра­ким Басықараев.
Жарыс сөзге шығып сөйлеген әрбір партия мүшелері жобалардың нәтижелі жүзеге асырылу мәселелеріне тоқтап, жан -жақты талқылады.
Жиынға қатысқан Nur Otan партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған 4 әлеуметтік жобаны жүзеге асырудың тиімді жолдары туралы ойымен бөлісті. Оның ішінде «Халыққа көмек» жобасының мақсатын, азаматтарды алаң­дат­қан кез келген мәселенің жедел әрі нақты көмек көрсетуін партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері «Бірыңғай әлеуметтік терезе» жүйесінде жүргізіліп жатқан жұмыстарына тоқ­тап, мәселелердің оңтайлы шеші­луіне жасалған жұмыс жағ­дайла­рын айтты. Алдағы уа­қытта ұйым бұдан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, жаңа қар­қынмен жұмыс істеу керегін де атап өтті.
Жиын соңында бастауыш ­ұйымнан «Теміржол» партия филиалының конференциясына 10 делегат сайланды.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу: