Бірлігімізді көрсетейік

476
0
Бөлісу:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің Конституциясына сәйкес Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы үндеуі дер кезінде қабылданған шешім деп ойлаймын.
Біз мемлекет басшысы ретінде ел тыныштығын сақтауды, xалықтың әлеуметтік жағдайын көтеруді, елдің ішкі және сыртқы экономикасын дамытуды, ұлтаралық татулықты басты мақсат еткен Елбасы саясатын жалғастыратын, Қа­зақстанды отыз дамыған елдің қатарына қосатын президент таңдауымыз қажет. Тұрақты президенттің болуы – еліміздің өркендеу жолында жасалар тағы бір нақты қадамда­ры­ның бірі. Дәл осы мәселе бүгінде барынша қажеттіліктен туындап отырғанын да атап айтуға тиіспіз. Президент барлық қазақстандықтарды сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды.
«Ырыс алды – ынтымақ» деген халқымыз. Бірлігі жа­расқан елміз. Ұлан-байтақ даланы алып жатқан еліміздің еңселі болуына, экономикасының қарқынды дамуына, бірлігі мықты ел болуына, алдыңғы қатарлы озық мемлекеттердің қатарына енуіне сүбелі еңбек етейік! Сайлау науқанына бір кісідей атсалысып, бірлігімізді көрсетейік!

Гүлжан КАМАМБАЕВА,
Nur Otan партиясы
Кербұлақ аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары

Бөлісу: