АШЫҚ САЙЛАУ ӨТКІЗУГЕ БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ БАР

158
0
Бөлісу:

– Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Елбасының сара жолын сабақтастықпен жалғастырушы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та ұлттар мен этнос өкілдерінің Конс­титуциялық құқықтарын толық пайдалануына мүмкіндік беріп отыр.
Президент қол қойған Жарлықта атап көрсетілгеніндей, еліміздегі тиісті органдар сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасақтап, оның дұрыстығын қамтамасыз ету, орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына Президенттің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсету арқылы әділ әрі ашық сайлау өткізуге барлық жағдай бар.

Нұрлы ӘЙТИЕВА,
Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры,
облыстық мәслихат депутаты

Бөлісу: