Дер кезінде қабылданған шешім

174
0
Бөлісу:

– Президенттің кезектен тыс сайлауының 9 маусымға белгіленуі – дер кезінде қабылданған шешім. Мұны халық екі көзі төрт болып күтіп отыр. Елбасының шешімінен кейін қазақстандықтар біршама алаңдаған болатын. «Кім президент болады, елдің дамуы ары қарай қалай жүреді?» деп іштей әркім ойлайтыны анық. Сол тұрғыдан алғанда, сайлауды өткізу өте дұрыс әрі орынды, заңды деп санаймын. Екінші жағынан, халықаралық қоғам да Қазақстанға көз тігіп отыр. Енді билік транзитін абыроймен аяқтап, сайлауды барынша ашық әрі әділ өткізу міндеті тұр. Осылайша, еліміздің тұрақтылығын, ынтамақ-бірлігін бұрынғы қалпында сақтап қалу маңызды. Сондай-ақ Елбасының салған сара жолын жалғап, саясатын гүлдендіретін, дамытатын басшы келеді деп ойлаймыз. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлының мемлекет қалыптастыруда, басқаруда сіңірген еңбегі орасан. Жаңа Президенттің алдында да сондай көрнекті әрі табысты басшы болу міндеті тұр. Осындай маңызды сәтте барша қазақстандық қалыс қалмай, белсене ат салысса дейміз.

Майра АЙСИНА,
Мәжіліс депутаты,
Nur Otan фракциясының мүшесі

Бөлісу: