Баршамыз үшін маңызды сәт туды

477
0
Бөлісу:

– Қазақстан Президентін сайлау қажеттіліктен туындап отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өкілеттігін тоқтатамын деп шешкеннен кейін бұл процестің болары анық еді. Қазіргі таңда Қасым-Жомарт Кемелұлы уақытша қызмет атқарып отыр. Дегенмен басы бар дүниенің аяғы болаты­ны – заңдылық. Әлбетте, сайлауды өткізу керек. Мұны транзиттік мәселе деп айтсақ болады. Халықтың да көңілінде «сайлау қашан болады, кім Президент болады» деген сауалдар жатқаны анық. Сонымен бірге, шет мемлекеттердің де назары қазіргі таңда бізге ауып отыр. Сол себепті, ел ішіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етіп, мемлекеттің жаңа кезеңін бастап, беделімізді халықаралық аренада арттыру үшін маңызды қадам саналады. Сайлауға баршамыз жұмылып, белсене ат салысуымыз керек. Өйткені Президент сайлауы – әлеуметтік, саяси, тарихи, экономикалық тұрғыдан да маңызды іс-шара. Бұған бейжай қарауға әсте болмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың әділ өтетініне кепіл берген болатын. Ендігі міндет – халықтың жаппай қатысуы. Көңілі алаң болған жұрт бірнеше айдан кейін жаңа басшыны таниды. Әрбір қазақстандық үшін маңызды сәтте ешкім тыс қалмауы тиіс.

Зәуреш АМАНЖОЛОВА,
Мәжіліс депутаты,
Nur Otan фракциясының мүшесі

Бөлісу: