5 КАНАЛ, 10 ГҮЛЗАР

302
0
Бөлісу:

Облыс орталығы атанған Түркістан қаласы көшеле­рін­де абаттандыру жұмыс­тары қызу жүріп жатыр. Айталық, қазір қала көшеле­рі тазаланып, шаһар гүлге оранып, келбеттене түсті. Енді жақын уақыттарда қала ішінде 5 канал жүргізіліп, суландыру жүйесін барынша күшейту қолға алынады. Сондай-ақ шаһарда ұңғыма санын көбейтіп, гүл мен шал­ғынға қажетті су мөлше­рі барынша молайтылмақ. Бұл туралы Түркістан қала­сын дамыту және облыстағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қарал­ған жиында айтылды.

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығы­мен аппараттық жиын өтті. Мәжілістің күн тәртібінде Түркі­стан қаласын дамыту және Түркі­стан облысындағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды.
Мәжілісте сөз алған Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев қаланың құрылысы және облыс орталығын сумен қамта­сыз ету мен көгалдандыру жұмыстарымен таныстырды.
«Қарашық өзенінен бастау алатын Қотырбұлақ каналынан арықтар тартылса, Кентау тас жолы бойында егілген ағаштар мен Парасат паркі сумен қамты­лады. Қала ішіндегі ирригациялық арықшалар бойынша суландыруда қала бойынша 17 көшеде жалпы ұзындығы 70,2 шақырымды құрай­тын ирригациялық арық­шалар бар. Бұл арықшалар 2016-2018 жылдары толық қайта қалпына келтірілді», – деді Әліп­бек Өсербайұлы.
Түркістан қаласы әкімінің баяндамасын тыңдаған облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев биыл Түркістан қаласының ішінде 5 канал жүргізіп, суландыру жүйесін барынша күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, шаһарда ұңғыма санын көбейтіп, гүл мен шалғынға қажетті су мөлшерін барынша молайту керегін нықтап айтты.
Бұдан өзге, жиында облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысы міндетін атқарушы Қанат Парманқұлов өңірдегі шағын және орта бизнес саласы жайлы сөз етті.
«2019 жылы Түркістан облы­сында бизнес ортаның және кәсіп­керлікті дамытудың жос­парлы көрсеткіші жалпы өңірлік өнімдегі (ЖӨӨ) жалпы қосылған құн 23,2%-ды құрады. Жалпы алғанда, облыста 2019 жылғы 1 қаң­тардағы жағдай бойынша, 130 804 шағын және орта бизнес субъек­­тісі жұмыс істейді, бұл са­ла­­да Түркістан облысы – респуб­ли­ка бойынша екінші орында», – деді Қанат Шонбасов.
Басқарма басшысының баян­дамасын тыңдаған облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы кәсіп­кер­лер санын көбейту арқылы облыс бюджетіне түсетін салық мөлшерін молайтып, жаңа жұмыс орын­дарын ашып, елдің әлеуетін көтеру қажетін айтты. Сондай-ақ Түркі­стан қаласының аумағында 10 гүлзар салу туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес халық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшасын салу жоспарланып отыр. Осы арқылы қаланың орталығында қала қонақ­тары мен тұрғындарына арналған демалыс орындарын көбейту және қаланы суландыру, көгалдандыру мақсаты көзделген. Осыған сәй­кес, негізгі көшелер бойынан жал­пы аумағы 172,2 гектарды құрай­тын қолайлы орындар анық­талды. Оның ішінде қалаға кіре­бе­рістегі Б.Саттар­ханов даң­ғы­лы бойындағы 3 гектар аумақтағы ескі жасанды канал бойы абаттан­ды­ры­лып, автотұрақ, субұрқақ, отбасылық саялы гүлзарлар са­лы­на­ды. Қазіргі таңда көпшіліктің дема­лыс орнына айналған «Рәміз­дер алаңы» осы гүлзарлармен жалға­сады.

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы

Бөлісу: