Жәнібек Әлімханұлы кезекті қарсыласын жеңіп екі бірдей белдікті иеленді (видео)

653
0
Бөлісу:

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Кристиан Оливасты жеңді.

Кездесу Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында өткен украиналық Василий Ломаченко мен британиялық Энтони Кролл арасындағы басты жекпе-жектің андеркартында өтті.

Әлімханұлы мен Оливас кездесуі 10 раундқа созылып, қазақ боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осы жеңістің арқасында Жәнібек вакантты өңірлік WBC Continental Americas және екінші деңгейлі WBO Global белдіктерін иеленді.

Жалпы, дәл қазіргі таңда Жәнібектің еншісінде алты кездесу, алты жеңіс бар. Оның екеуін нокаутпен аяқтаған.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: