Ұлан Қонысбаев қазақстандық төрешіні өмір бойына футболдан аластауды ұсынды (видео)

314
0
Бөлісу:

Көкшетаулық «Оқжетпестің» жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев ҚПЛ-дың бесінші туры аясында «Тобылға» қарсы өткен кездесуге төрешілік жасаған арбитрді қатаң сынға алды.

Матч 1:2 есебімен қонақтар, яғни «Тобылдың» пайдасына шешілген. Футболшының ойынша, екінші голды қостанайлық шабуылшы офсайдтан салыпты.

«Міне, Қазақстанда осылай төрешілік жасайды. Мұндай судьяларды өмір бойына футболдан шеттету керек. Осындай қарқынмен отандық футбол ешқашан дамымайды» деп жазыпты футболшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бес турдан кейін «Оқжетпестің» еншісінде тек 1 ұпай ғана бар. Ал «Тобыл» қатарынан бес рет жеңіске жетіп, 15 ұпаймен көш бастап келе жатыр.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: