«Қайраттың» украиналық шабуылшысы: Агрессор елдің (Ресей) чемпионатында ойнамаймын (видео)

268
0
Бөлісу:

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Адеринсола Эсеола өзінің командадағы жағдайы, Ресейге қатысты көзқарасы және Андрей Аршавинмен қарым-қатынасы жайлы айтып берді.

Футболшы Sport24.ru сайтына берген сұхбатында көп нәрсені ағынан жарылып баян еткен.

– Аршавин – ұлы ойыншы және үлкен адам. Нағыз футбол маманы. Мен одан көп нәрсені үйрендім. Біріншіден, ол қандай жағдайға қарамастан өте мұқият жаттығу жасайды. Ол кейде айғайласа да түсіністікпен қараймын. Оның айғайы мені мықты ете түсетін. Бәрі футбол үшін.

«Зениттің» құпияларын ашты ма?

– Көп нәрсені айтатын. Ұжымның жақсы екенін айтты. Сосын «Арсеналда» жүргенде Никлас Бендтнерді қалай орман ішінде жоғалтып алған екен. Арсен Венген табиғат аясына, әсіресе орман ішіне саяхат жасағанды ұнатқан. Сондай күндердің бірінде Бендтнер адасып кеткен. Күні бойы іздеп таба алмай қойыпты.

2014 жылы Майдан кезінде сен Киевте болдың ба?

– Адамдарды снайпермен атқаннан кейін бірден ұшып кеттім. Бірнеше күннен соң. Елде не болып жатқанын ешкім түсінген жоқ. Сол кезде елге үлкен өзгерістер керек екенін түсіндім. Соғыс болып, адамдардың ажал құшып жатқаны өкінішті. Мен соғысқа қарсы адаммын.

Қалыпты өмірде орыстармен ара-қатынасың өзгерді ме?

– Әрине, өзгерді. Бәрі осы тақырыпта әңгіме айтады. Үнемі. Бұл тақырыптан айналып өте алмаймыз. Бірақ Аршавинмен бұл жайында терең сөйлестік дей алмаймын. Бірқалыпты пікірлестік, бірақ ренішке бармадық. Оның үстіне бұл келіспеушілікке дәл біздің қатысымыз жоқ. Сондықтан арамызда бәрі бейбіт шешілді.

Егер Ресейден ұсыныс келсе не істейсің?

– Ресей – агрессор ел. Мен ол чемпионатқа бармас едім.

Украинадағы президент сайлауында дауыс бердің бе?

– Жоқ, ондай мүмкіндік болмады. Бірақ бұл азаматтық міндетімді орындауды қалаймын. Іштей дауыс бердім. Сол адам жеңеді деп сенемін.

Қәне тауып көрейін. Бұл адам екінші турға шықты, бірақ әлі президент болған жоқ?

– Дәл түстіңіз! (Сөз Владимир Зеленский туралы болып отыр)

Балалық шағың қалай өтті?

– Балалық шағым өзге балалар секілді өтті. Көпқабатты үйдің ауласында өстім. Өзгелерге ұқсамағандықтан өзімді ерекше сезінген кездерім де бар. Қыздар қызыға қарайтын.

Футболға дейін жеңіл атлетикамен айналысыпсың. Жылдамдық әкеден берілген қасиет пе?

– Мен биолог емеспін. Бірақ физикалық қабілеттерім – африкалық тегімнен дарыған сияқты. Әкемнен, атамнан. Иә, мен футболға бірден бармадым. Мектеп аралық жарыс кезінде жүгіруден алдыңғы орын алатынмын. Сөйтіп, жеңіл атлетикаға барғанмын. Кейін мені әкем футболмен айналысуға көндірді.

«Динамодан» неге кетіп қалдың?

– Ол жақта мен, Бадр әл-Каддури және тағы бір ойыншы мықты болды. Бірақ бапкер Владими Мунтянмен тіл табыса алмадым. Дауласып, ойнамай қойдым. Сол жерде қалып, өз-өзімді дәлелдеудің орнына ақымақтық жасап кетіп қалдым. Ал Мунтянды аз уақыттан соң орнынан алып тастады.

Сосын Италияға кеттің?

– Италияға аттану – мүлде дұрыс қадам болмады. Жастық шақтағы максимализм әсерімен істеген іс. Кейін ол жақта ойнаудың тіпті мүмкін емес екенін түсіндім. Себебі, ол жерде лимит өте қатаң. Екі-ақ орын. Оның өзін топ-футболшылар иемденеді. Деңгейі төмен командалардың өзінде қатаң тәртіп орнаған. Италиядан келген соң бір жылдай командасыз жүрдім. Мотожарысқа қатыстым.

Киев чемпионатында ойнап жүргеніңде ақша таптың ба?

– Жігіттер мені футболға оралуымды өтінді. Олар киевтік «Арсеналды» қалпына келтірді. Менің де үмітім оянды. Жағдайды да жасады. Осылайша бірінші лигаға оралдым. Израильге барып хайфалық «Маккабидің» қаралымынан өттім. Ол жақтағы стадион, атмосфераны ауызбен айтып жеткізу қиын.

Премьер-лига деңгейіне жеткенде өзіңді қалай сезіндің?

– «Александриямен» алғашқы ойынға шыққанымда өзімді лидер сезіне алмадым. Біртүрлі жайсыздықты байқадым.

Қазақстанға қалай тап болдың?

– Ол өзі бір қызық оқиға: «Арсеналдан» мені сатып алып, екі рет қайтарып берді. Бірақ ол командамен қаржылық жағдайға байланысты келісе алмадық. Таңдауда Қазақстан мен Швеция тұрды. «Ақжайықты» жаттықтыратын украиналық маман Владимир Мазяр мені жақсы танитын. Нәтижесінде агент Панков бірер минут ішінде-ақ келісіп берді. Күтпеген жағдай!

«Ақжайықта» жүріп 13 матчта 8 гол соқтың. Сосын іле-шала «Қайратқа» ауыстың. Еуропа лигасы аясында «АЗ»-ға қарсы өткізген кездесуді карьераңдағы ең үздік ойын деп бағалауға бола ма?

– Әрине, бұл соңғысы емес деп үміттенемін. Сол кезде өзімді шабуылшы сезіндім. Өмірде бір нәрсенің қолымнан келетініне сене бастадым. Қуаныш, эйфория қатты сезілді. Осы қарқынды жалғастырғым келеді.

Аударған Абай Қазбекұлы

Бөлісу: