ЕЛБАСЫ БАС ПРОКУРОРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

151
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімделді.
Бас прокурор Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің қылмыстық заңна­масын ізгілендіру және түрмеге қамалғанд­ар­дың әлемдік рейтингі бойынша Қазақстанның беделін арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.
Сонымен қатар кездесуде еңбек дауларын шешуге қатысты азаматтардың құқықтарын қорғау үшін Бас прокуратура мен Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға баса мән берілді. Ғ.Нұрдәулетовтің мәліметіне сәйкес, былтыр бірлесе күш жұмылдырудың арқасында еңбекақы бойынша 2,4 млрд теңге көлеміндегі қарыз өтелді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті шағын және орта бизнес саласындағы тексерістерді азайту процесіне тиісті бақылау жасаудың маңызын атап өтті.

Бөлісу: