ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ СҰРАНЫП ТҰР

177
0
Бөлісу:

Еліміздің батыс аймағын­дағы Атырау мен Маңғыстау өңірлері –шөлейтті, климаты адамға да малға да жайсыз аймақ. Жерасты байлығы мұнай-газға толы аймақтарда, бұрынғыдай қар қалың жаумай, жаңбырсыз өтуі жердің тозып, төрт түлік малды азықсыз қалдырып, қала көшелерін көгалдандырып әрі күн қызуынан қорғайтын теректерді тез солдыртып, тып-типыл етуде. Десек те, жергілікті атқарушы билік қала көшелерін ғана емес, әр отбасы өз ауласын көгалдандыруды қолға алсын деген ниетпен жас көшеттерді тұрғындарға тегін үлестіріп жатыр.

Атырауда тұңғыш рет көгал­дан­дыру аясында тұрғындарға үш мың көшет тегін таратылды. Қала тұрғындарының әрқайсысы үйеңкі, шетен мен қарағаштың бес көшетін тегін ала алды.
«Арнаулыавтобаза» ЖШС аумағында сағат 10-нан бастап тұр­ғындар кезекке тұрды. Тұр­ғын­­дарға ағаштың үш түрі ұсы­ныл­ды: үйеңкі, шетен және қарағаш.
– Ағаш алу үшін тұрғындар өздерінің телефон нөмірін және ағаш отырғызылатын мекен­жайын қалдыру керек. Барлығы 5 көшет алып, одан ары тиісті күтім мен суаруды қамтамасыз етуі қажет. Арнайы құрылған ко­миссия тұрғындардың іс-әрекет­терінің орындалуын бақылайтын болады, – деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және авто­мо­биль жолдары бөлімінің өндіріс­тік-техникалық секторының жетекшісі Акесен Ибрагимов.
Оның айтуынша, көшеттер Индер ауданынан әкелінген, жа­сыл көшеттер әлеуметтік меке­мелерде – балабақшалар мен мектептерде отырғызылады, үш мың жас ағаш тегін таратылды.
Бүгінде Атырауда екі айлық санитарлық тазалау жалғасып келеді. Сәуір сенбіліктері аясын­да облыс орталығында жа­сыл көшеттер отырғызу жоспар­ланған.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Атырау облысы

Бөлісу: