Жаңғағы көп жер

380
0
Бөлісу:

Грек жаңғағының Қазақстандағы отаны атанып кеткен Түлкібас ауданы өткен жылы мол өнімге қол жеткізген. Атап айтқанда, аудан көлемінде 627 тонна жаңғақ өнімі жиналған. Бұл туралы аудандық статистика мемлекеттік мекемесі мәлімдеді. Қуантарлығы сол, аудандық әкімдік жаңғақ шаруашылығын дамытуда ауқымды жұмыстарды қолға алды.

Айта кету керек, Түркістан облысы Түл­кібас ауданының тамылжыған табиғаты – алмамен қатар грек жаңғағын өсіруге өте қолайлы аймақ. Грек жаңғағы өсетін тал өте ұзақ жасайды. Грек жаңғағының пайдасы көп. Әсіресе, физикалық тұрғыдан әлсіреген уа­қытта, қан азайғанда, жүйке жүйесінің ауру­ларына, жүрек ауруы мен асқазан сырқатына да пайдалы.
Бұрын Түлкібас ауданында грек жаңғағы үй іргелік жер телімдерінде отырғызылып, өнім алынған болатын.
Аудандық статистика басқармасының ресми мәліметіне сәйкес, 2018 жылы аудан көлемінде 627 тонна жаңғақ өнімі жиналған.
Енді бұдан былай бұл салаға әкімдік тарапынан да ерекше мән беріле бастады. Айталық, 2018 жылы ауданның ауылшаруа­шылық тауарын өндірушілері 257 гектарға жаңғақ көшетін отырғызған.
2019 жылы аудан аумағында қосымша 135 гектар жаңғақ отырғызу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта өзінің тәтті алмасымен та­нылған Түлкібас өңірі тек алма шаруа­шы­лығын ғана емес, сонымен қатар жаңғақ шаруашылығын дамытуда ауқымды жұмыстар іске асатын болады.

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы

Бөлісу: