Өңірдегі оң өзгерістер айтылды

210
0
Бөлісу:

Петропавлда «Мұнаймаш» АҚ бастауыш партия ұйымының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады.

Кездесуде бастауыш партия ұйымының төрағасы Спартак Пушкарев және облыстық мәс­лихатының хатшысы Вла­димир Бубенко білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік даму және биз­нес саласындағы өзгерістер тура­лы сөз қозғады.
– Өздеріңіз білетіндей, осы жылдан бастап көпбалалы отба­сыларға берілетін атаулы әлеу­меттік көмек 20 789 теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл шараға өңірдегі 6 700 бала қамтылатын болды. Бұдан басқа, облыста мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған шамамен 2 000 отбасы тұрады. Оларға берілетін жәрдемақы мөл­шері 41 578 теңгеге артады. Ден­сау­лық сақтау жүйесінің қаржы­ландыруы 40-тан 60 пайызға дейін көбейеді. Қазіргі уақытта Петро­павлда көпбейінді аурухана салу жоспарланып отыр. Бұл – бірегей жоба. Онда әр адам қажетті меди­циналық көмек ала алады. Осы мақсат үшін кадрлар қажет. Сондықтан мейірбикелердің және санитарлардың жалақысы 64 мың теңгеге және 100 мың теңгеге де­йін өседі, – деп атап өтті Владимир Бубенко.
Президенттің кезектен тыс сай­лауы – әлеуметтік және эко­номикалық тұрақтылықтың ке­пілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуір күні Қазақ­стан халқына үндеу жариялаған болатын. Президент алғашқы үндеуінде ел Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сай­лауын биылғы жылдың 9 маусы­мында өткізу туралы шешім қабылдады.
Жиынға қатысушылар саяси науқанның маңыздылығына тоқ­талып, Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдайтынын жеткізді. Талқылау соңында Владимир Бубенко өңір тұрғындарын сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.
– Еліміз үшін бұл сайлаудың ма­ңыздылығы жоғары. Әрқай­сы­мыз осы оқиғаға үлкен жауап­кер­шілікпен қарауға тиіспіз. Өзіміз­дің азаматтық позициямызды білді­ріп, мемлекетіміздің бола­шағы үшін сайлауға қатысуымыз керек, – деді ол.

Әбілмансұр ЖАСАН

Бөлісу: