«Бірліктегі» жиын

232
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы­ның Медициналық орталығы емханасында Nur Otan пар­тиясы «Бірлік» филиалы­ның Саяси кеңес мүшесі, Ұлт­тық Ғылым академиясы­ның корреспондент мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор В.Бен­бериннің төрағалығымен «Денсаулық» бастауыш пар­тия ұйымының отырысы өтті.

Конференцияға бастауыш партия ұйымының өкілдері, саяси кеңес мүшелері, мәслихат депу­тат­тары, мемлекеттік орган бас­шы­лары және т.б. қатысты. Басқосуда Nur Otan партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы және «Ден­саулық» бастауыш партия ұйы­мының төрағасын сайлау мәсе­лелері талқыланды.
Жиында сөз сөйлеген Пре­зи­денттің Іс Басқармасының Ме­ди­­циналық орталығы басшы­сы­ның орынбасары Г.Абдуллина Nur Otan партиясының Төрағасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың партияның XVIII съезінде берген тапсырмалары – «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Ба­қытты отбасы» жобаларын жү­зеге асыру барысы туралы айтып өт­ті. Ал Nur Otan партиясы «Бір­лік» фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Қожахметов пар­тия бағдарламасы мен 4 жобаның негізгі мазмұнын қысқаша баян­дады.
Конференция күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша жина­лыс қатысушыларының шеші­­мі­мен «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып ­Қа­зақ­стан Президенті Іс Басқар­масының Медициналық орталы­ғы емханасы директорының ғы­лыми және стратегиялық даму бойынша орынбасары, жоғары санаттағы онколог дәрігер Нас­рулла Ша­назаров сайланды. Мә­жі­ліс қо­рытындысы бойынша қаулы қабылданды.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу: