«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» – маңызды жоба

231
0
Бөлісу:

Nur Otan партиясы жанын­дағы республика­лық Балаларды қорғау кеңесі төрағасының орынбасары сараптама­лық топпен бірге балалар құқығын қорғау жүйесін жетілдіру бойынша ұсы­ныстар жинау мақса­тында және «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында отбасы мен балалар құқығын қорғау, қолдау шараларын жүзеге асы­руды қамтамасыз ететін шаралар жоспарын талқы­лау мақсатында Қараған­ды облысына келді.

Жұмыс аясында облыс аудан­­­дарына, білім беру, ден­сау­лық сақтау, әлеуметтік қорғау мекеме­леріне бару жоспар­лан­ған. Сапар соңында 17 сәуір күні Балалар құ­қы­ғын қорғау бо­йын­ша рес­публикалық кеңес оты­ры­сында Nur Otan партиясының облыстық филиалында «Ба­қытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыру ша­раларын тал­қылайды. Партия­лық жобаның Жол картасымен танысып, тұр­­мыс жағдайы төмен отбасы­ларды қолдау шараларын жетіл­діру мәселелері қаралады.
Сараптамалық топ «Бақытты отбасы» жобасына қатысатын объектілерді аралап, ұсыныс­тар­ды жазып алды. Оған ІІО, ден­сау­­лық сақтау, білім беру, әлеу­мет­­тік сала мамандары, проку­ра­­тура, әділет, т.б. орган өкілдері қа­­тыс­ты. Қарағанды қаласын­да­ғы №3 Балалар үйіне, №1 Сә­би­лер үйіне, «Колобек» шағын ор­­та­лығына, ювеналды поли­цияға барды.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, Қарағанды облысы

Бөлісу: