ЕНДІГІ МАҚСАТ – ӨСІП-ӨРКЕНДЕУ

280
0
Бөлісу:

– Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Орталық аппа­ра­тында болған құрылымдық фи­лиалдар жетекшілерімен кез­де­суінде Пре­зиденттің кезектен тыс сайлауы биліктің заңды­лы­ғын нығайтып, еліміздегі тұрақ­тылықты қамта­ма­сыз ету үшін қажет деп мәлімдеді.
Біз – Тәуелсіздік пен тұрақ­тылықтың қадірін жақсы білетін, басынан талай нәрсені өткізген өркенді халықтың өкіліміз. Мем­лекетіміз сын қырлы сынақтан сүрінбей өтті. Елбасы елдік пен мемлекеттіліктің туын тіктеді, небір қиын сәтте жол тауып, дана шешімінің арқасында туған елін өтпелі кезеңнен аман-есен алып шықты. Елдің еңсесі көтерілді, жағдайы түзелді.
Мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуы үшін жасалған осынау бірегей қадамдардың құнды­лы­ғын әрқашан естен шығарма­уымыз керек. Ендігі мақсаты­мыз – Елбасы белгілеген осы жолдан, осы бағыттан ауытқымай, тек алға басу, өсу, өркендеу.
Сонымен қатар Елбасы Пре­зиденттің кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша қабылдаған шешім жайында ойымен бөлісіп, соңғы саяси оқиғаларға байла­нысты партияның алдында стра­тегиялық маңызы бар бірқатар міндеттер тұрғанын атап айтты.
«Енді бізге партияның съезін өткізіп, ел президенттігіне кан­дидатура ұсынуымыз керек. Пар­тияның аппараты съезді өткізу үшін қажетті жұмыстың бәрін жылдам іске асыруға тиіс. Пар­тиямыздың атынан кандидатура ұсынғаннан кейін Қоғамдық сайлау штабының жұмысын ұйым­дастыру қажет», – деді пар­тия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстандықтардың елде­гі тұрақтылық пен ынтымақты, бей­­бітшілік пен серпінді даму жо­лын жалғастыруға мүдделі еке­нін се­зіне отырып, мен де барша заман­дас­та­рымды, жастарды осы сай­лау­ға бел­сенді қатысуға ша­қырамын.

Рамазан БЕКБОЛ,
Л.Гончаров атындағы қазақ-автомобиль
Жол академиясының проректоры,
Nur Otan партиясының мүшесі

Бөлісу: