БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАМЫЗ

274
0
Бөлісу:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауын мерзімінен бұрын өтетінін жариялауы өте орынды шешім деп санаймын. Өйткені осы шешуші қадам арқылы Қа­зақстанда құрылған саяси жүйе тұрақтылығын сақтайды деген сенімдемін. Осыған байланысты, Nur Otan партиясына енді зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Себебі, елдегі тұрақтылық пен бірлікті сақтай отырып, қоғамды одан ары жаңғыртатын басты қозғаушы күш Nur Otan екенін бү­кіл халық біледі. Сондықтан бел­гіленген міндеттің бәрі пар­тия­ның жетекшілігімен толы­ғымен орындалатынына көзім жетеді.
Nur Otan партиясының ­Төра­ғасы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев «Бақытты отбасы», «Құтты ме­кен», «Ауыл – ел бесігі» және «Ха­лыққа көмек» жоба­ла­рын ти­ім­ді іске асыру мәселелері тура­лы айтып өтті. Соның ішінде «Ба­қытты отбасы» жобасына мен өзім, көпбалалы ана ретінде жү­зеге асыруға белсене қатысып жүрмін.
Мәселен, Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының ХХІІІ конференциясынан кейінгі қабылданған шешімге сай «Ба­қытты отбасы – Алматы» қоғам­дық қоры құрылды. Енді осы қордың көмегімен бүгінге дейін 1 200 көпбалалы анаға азық-түлік, балалар киімдерін сатып алу үшін 44,4 млн тенгенің сер­тификаттары тапсырылды. Олар­ды тарату жұмыстары қаладағы барлық ауданда жүргізіліп жатыр. Жоба аясында көпбалалы ана­ларға түсіндірме жұмыстары жүр­гізіліп, көмектесіп, керек болса хабарласып, бұл мәселені бақы­лауға алып, соңына дейін жет­кізуге жұмыс істейтін боламыз.
Осындай қамқорлық алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Сол себепті, өзім жұмыс істейтін, пікірлесетін көпбалалы ананың барлығы елімізде, ең алдымен тыныштық, тұрақтылық болуын қалайды. Әрі алдағы сайлауда Елбасының жарқын істерін жалғастыратын лайықты тұлғаға дауыс беруге қатысатын­дарын жеткізуді маған тапсырды. Сайлауға бір кісідей қатысамыз.

Гаухар ТАНАШЕВА,
Nur Otan партиясы
Бостандық аудандық филиалы
Саяси Кеңесінің мүшесі, көпбалалы ана

Бөлісу: