ТҮРКІСТАН ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ

242
0
Бөлісу:

«Түркістан – Самарқан» халықаралық автобус бағыты ашылды. Түркістан қаласынан шыққан автобус өзбек елінің бірқатар жерін аралап, Самарқанға барады. Бұл екі елдің арасында туристер ағынының  артуына, жаңа турис­тік бағыттар қалыптастыруға және ынтымақ­тастық­тың нығаюына оң әсер тигізетін болады. 

Түркістаннан Шымкент қала­сына барып, одан ары Өзбекстан мемлекетіне бағыт алатын авто­бус көрші елдегі Гүлістан, Жизақ қалалары арқылы жүреді.
Айта кету керек, тарихы те­рең­д­е жатқан аталған қалалар туристер үшін қызықты да тап­тыр­­мас нысандар.
Жолаушылар автобусы күн сайын жергілікті уақытпен сағат кешкі 18-00-де Түркістан қала­сын­дағы «Алтын орда» беке­тінен жолға шығады. Самар­қанд қала­сын­дағы «Самарқан» автобекет­тен шығу (Астана уақытымен) 18-00-де.
Айта кету керек, бір жолаушы үшін жолақы құны – 4000 теңге. Түркістаннан шыққан автобус Шым­кент қаласында жарты сағат аялдайды. Аталған бағыттың ашы­­луы екі ел арасында туристер ағы­нының артуына, жаңа турис­тік бағыттар қалыптастыруға және ынтымақтастықтың ны­ғаюы­на оң әсерін тигізетін бола­ды. Сондай-ақ Түркістан қала­сы­ның Өзбекстанның Самарқан қаласымен сауда-экономикалық, туристік әлеуетін нығайту.
Айта кетейік, Түркістан об­лы­­сында 44 тасымалдаушы 1224 дана автобуспен (шағын авто­буспен) жолаушылар тасы­мал­дау қызметін көрсетуде. Облыстағы тұрақты бағыттар желісі – 325 бағыттағы 1090 кестеден тұрады. Об­лыс бойынша 2018 жылы 797 млн жолаушы тасымалданған. Бұл –көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға жоға­ры.

Тельман БЕЙСЕН,
Түркістан облысы

Бөлісу: