Менің сүйікті университетім

193
0
Бөлісу:

Елбасымыз Н.Назарбаевтың өткен жылғы Жолдауында үстіміздегі жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Тұңғыш Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды саясатының негізгі мәні деп са­най­ды. Елімізде «Диплом­мен – ауылға», «Жұмыс­пен қамту – 2020», бағ­­дар­ла­ма­сы аясында баспана алудың жаңа мүмкін­діктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетім­ді­лігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақ­хана­дағы жағдайын жақсарту» секілді бағдар­ламалар қолға алынды.

Бүгінгі Қазақстан – қалып­тасқан мемлекет, үлкен гео­саяси маңызы бар ел. Бірақ ең бастысы – ол орасан зор әле­уеті және өркендейтін бола­шағы бар ел. Қазақстанның 10-15 жылдан кейін қандай болатыны көп жағдайда мүлдем жаңа жағдайларда білім алып жатқан студент­терге, жастарға тікелей байла­нысты. Сондықтанда бәрінен бұрын, бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары маман болу үшін білім меңгеру бірінші орынға шықты. Соған байланысты республика жас­тарымен көптеген кездесуін­де Н.Назарбаев: «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек», – деп жиі ескертеді.
Осыған орай, Жастар жылында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көптеген шара өткізіліп, бар­лық факультет бірдей атса­лысып жатыр. Соның ішінде Филология және әлем тілдері факультетінде бірнеше іс-шара өтті. Соның дәлелі ретінде Тарих, археология және этно­логия факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының про­фессоры, тарих ғылым­дарының кандидаты Фатима Қозыбакованың жетекші­лігімен Филология және әлем тілдері факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті маман­дығының 102-топ студенттері өткізген «Түркі халқының төл перзенті Қожа Ахмет Ясауи» атты ғылыми конференцияны атауға болады. Бұл конфе­ренцияда профессор жас­тардың жан-жақты дамуына, олардың өз тарихын жетік біліп, еліміздің ұлттық құн­ды­лықтарын дәріптеуге, білім алу жолында кемел­денуіне зор үлесін қосты деуге болады.
Сонымен бірге, биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдығы аталды. Бұл мекеме 2001 жылы еліміздің алғашқы ұлттық университеті мәрте­бесіне ие болып, бүгінде әлемнің 220 үздік универ­ситетінің қатарына енген.

Аяу САБеКОВА,
ҚазҰУ-дың Филология және әлем тілдері
факультетінің 1-курс студенті

Бөлісу: