ТОЙДАҒЫ ТРАКТОР КОРТЕЖІ ЖҰРТ НАЗАРЫН АУДАРДЫ (видео)

2861
0
Бөлісу:

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл аулының тұрғыны Дархан Таңсықбаев пен Ақмарал Мұхтардың тойында жүрген трактор кортежі ел назарын аударды.

 

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқылауға ұласты. Той кортежінде трактормен жүру туралы идеяны Дархан достарымен ақылдасып шешкен.– Трактор кортежі туралы идея авторы – өзім. Тойымды есте қалардай етіп өткізу үшін басында ескі көліктермен шығамын деген ой болды. «Москвич» іздестіріп ем, таппадым. Сөйтіп трактормен жүру туралы ой келді. Бұл ойымды достарым бірден қабылдай қоймады, күлді, қарсы болғандары да бар. Себебі, бұрын-соңды мұндай кортеж ауылымызда болмаған. Кейіннен келісті. Бәрі мені қолдап тракторларын сәндеп, ауылды аралап, ауылдың балалары алдымыздан шығып, мәре-сәре болып жатты, тракторды тоқтатып ақша ұстатқандар да болды. Ауыл тракторшыларының абыройын асқақтап қойғым келді, бәрі де ауылымның тракторшылары, еңбек даласында маңдай термен нанын тауып жүрген еңбекқор аға-інілерімді елге бір танытқым келді. Трактор кортежіне ешқандай шығын кеткен жоқ, – дейді Дархан.

 


Бұл Ақмарал үшін күтпеген сый болыпты, себебі ол трактор кортежі туралы той қарсаңында ғана білген.
Дархан – тракторист, МТЗ-80 маркалы тракторы бар. Жеке кәсіпкер.

Тұмар МЫРЗА

Бөлісу: