Сайлау – тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі

283
0
Бөлісу:

Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы дөңгелек үстел өткізді.

«Сайлау – тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында өткен жиынға  облыстық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, облыстық ҚХА құрылымдары – Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңестері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, ғылыми-сарапшылық топ, медиаторлар, журналистер клубының мүшелері мен сарапшылар, ақпараттық-насихаттық топ мүшелері қатысты.

Шараны ашқан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова «9 маусымда өтетін  Президент сайлауының еліміздің қазіргі саяси өміріндегі ең маңызды оқиға екендігіне тоқталып, кезектен тыс сайлау өткізу туралы қабылдаған бұл шешім елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі екендігін атап өтті.

Жиын барысында «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Галина Щербакова, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Владимир Толоконников, «Қазақстандағы кәрістер ассоциациясы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Ким, Аналар кеңесінің төраймы Нұрсәуле Мұсаева, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Сәулет Сахиевтер хабарлама жасап, қазақстандық бірлік үлгісі мен этносаралық келісім жөнінде мемлекеттің тарихи даму бағытының тұрақтылығы төңірегінде келелі ойларын ортаға салды.Бір сөзбен айтқанда сырбойындағы өзге ұлт өкілдері ел Президентіне мерзімінен бұрын сайлау өткізуді толық қолдады. Олар «Кезектен тыс Президент сайлауының өтуі – тұрақтылық кепілі» деген ортақ пікірге келді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: