Қызылорда облысының әкімі 9 миллион теңгелік сағатына және журналистерден "қашуына" қатысты мәлімдеме жасады
Қызылорда облысының әкімі 9 миллион теңгелік сағатына және журналистерден "қашуына" қатысты мәлімдеме жасады
© kyzylorda-news.kz
1,665
оқылды
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 9 миллион теңге тұратын сағатына және Мәжіліс отырысынан кейін журналистерден "қашуына" қатысты мәлімдеме жасады. 
"Бүгін Парламент Мәжілісіндегі тыңдауға қатыстым. Жиын аяқталардан 15-20 минут бұрын сұранып, келесі іскерлік кездесуіме асығыс шығып кеттім. Маған бетпе-бет ешқандай журналист тікелей қаратып сұрақ қойған жоқ. Алайда  баспалдақта менен өзге де адамдар болғандықтан, артымнан атымды немесе қызметімді атап қойылған сауалды естімегеннен кейін, кешігіп бара жатқан кездесуіме жылдам жүре бердім", –  деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Айтуынша, соңғы уақытта бірқатар әлеуметтік желіде 2016 жылғы суреті көрсетілген сағатқа қатысты журналистер тарапынан қызығушылық туындаған.
"Негізінен, бұл сағатты ертеректе алғанмын. Мемлекеттік қызметке дейін 10 жылға жуық бизнес саласында жүргенімді өмірбаянымнан көре аласыздар. Сондықтан бұл мәселеде жасырын ештеңе жоқ деп ойлаймын және әрдайым БАҚ өкілдерінің сауалдарына ашық жауап беруге дайынмын", –  деп ағынан жарылды әкім.
Нұрлыбек Нәлібаев биыл сәуірде Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.