Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер 10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай жарқылдап, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз 18 маусымда Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, дауыл соғады Солтүстік-шығыстан жел соғып, найзағай жарқылдайды. Шығыс Қазақстан облысының түнде шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысының батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус ыстық күтіледі. 18, 19 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, 18 маусымда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда, 19 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда соғатын жел екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз 19 маусымда облыстың солтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық болжанады. Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Абай облысында төтенше өрт қаупі сақталады.